Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
ЖИ-ассистент
ҚАЗ
Жеке кабинет
Мұражай қоры →

Мұражай

Қазақстан Республикасы Президент орталығының музейі келушілердің назарына тәуелсіз Қазақстанның қазіргі тарихы туралы экспозицияларды президенттік институт призмасы арқылы ұсынады.

Мұнда Қазақстан Республикасы президенттерінің жеке мұрағаттарынан, кітапханаларынан және жеке заттарынан алынған бірегей деректі және заттай артефактілерді, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының дипломатиялық сыйлықтарын, Қазақстан азаматтарының сыйлықтарын және бір кеңістікте жинақталған басқа да тарихи жәдігерлерді көруге болады.

Мысалы, суық қару бөлімінде ежелгі ғұн семсерінің түпнұсқасы; 1758 жылы Ресей императрицасы Елизавета I Абылай ханға сыйлаған қылыштың бөлігі; Осман сұлтаны Сүлейман Қанұнидің қылышының көшірмесі қойылған. Қазақстанның мемлекеттік тұрғыдан танылу тарихы мен дипломатиялық байланыстарын ашатын мемлекеттік және халықаралық наградалар коллекциясы ерекше орын алады. Экспозицияда Қазақстан Республикасының ең жоғары айрықша белгісі «Алтын Қыран», Жапония императоры Акихитоның «Хризантеманың жоғары ордені», Италияның жоғары мемлекеттік наградасы — «Италия Республикасы алдындағы еңбегі үшін» ордені және т.б. көрсетілген.

Жеке экспозициялық кешен президенттік институттың рәміздеріне арналған, олардың қатарында — Мемлекет басшысының ресми рәмізі және айрықша белгісі болып табылатын Ақорда резиденциясынан алынған Қазақстан Республикасы Президентінің Штандарты. Залдардың бірінде Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы резиденциясындағы жұмыс үстелі қойылған — президенттік институттың қалыптасу тарихымен және елдің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарымен тікелей байланысты мемориалдық зат.

Музей қорының елеулі бөлігін Қазақстанның көрнекті спортшыларының спорттық жүлделері мен жеке заттары құрайды: грек-рим күресінен алғашқы қазақ олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы олимпиада чемпионы Владимир Смирновтың, аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, атақты қазақстандық гимнаст Алия Юсупованың, велоспорттан олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың, қазіргі қазақстандық кәсіпқой бокстың жетекші өкілдерінің бірі Жанибек Әлімханұлының және жетістіктері тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихының бір бөлігіне айналған басқа да спортшылардың заттары.

Музейде ұсынылған экспонаттар озық цифрлық технологиялармен және интерактивті ресурстармен үйлесе отырып, тарихи контекстке толық енуге мүмкіндік береді және музейге баруды қызықты саяхатқа айналдырады.

Мұражай жұмыс кестесі

ДсСсСәБсЖмСбЖс
Жұмыс күні Демалыс Бүгін
Жұмыс уақыты
10:00 — 18:00 кіру 17:15-ке дейін
Кіру тегін

Жұмыс уақыты

10:00 – 17:15
Дүйсенбі — демалыс. Мемлекеттік мерекелер — күнтізбе бойынша.